» » «Жолда қабылдау» акциясы жаңа форматта жалғасуда

«Жолда қабылдау» акциясы жаңа форматта жалғасуда

2019 жылдың 18 және 19 қазанында Жамбыл облысының аумағында «Жолда қабылдау» және «Аулада қабылдау» республикалық акциясы жаңа форматта өтеді.

Екі күн ішінде полиция қызметкерлері фронт-кеңселерінде, модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерінде және учаскелік полиция пункттерінде азаматтарды қабылдайды.

Әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметінің қызметкерлері барлық тұрғындарға әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдарды төлеу, көлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол белгілерін орнату, азаматтық пен мекенжайға тұруға рұқсат алу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу, учаскелік полиция инспекторларының, жол-патрульдік қызметінің, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың қызметі және басқа да мәселелер бойынша түсініктер береді.

Жамбыл облысының Полиция департаментінде қандай да бір себеппен науқанды өткізу орындарына бара алмайтын тұрғындар үшін «шұғыл желі» телефоны жұмыс істейді: 8 (7262) 99 78 38.

Тараз қаласында 2019 жылдың 18 мен 19 қазан аралығында «Жолда қабылдау» және «Аулада қабылдау» акциясын өткізу орындары

1) Жамбыл облысының ПД фронт кеңсесі, мекенжайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі №80;
2) Тараз қ. ПБ фронт кеңсесі, мекенжайы: Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі №5 а;
3) Тараз қ. ПБ 1-ПБ фронт кеңсесі, мекенжайы: Тараз қаласы, Пушкин көшесі №43;
4) Тараз қ. ПБ 2-ПБ фронт кеңсесі, мекенжайы: Тараз қаласы, Абай көшесі;
5) №1 модульдік посты, мекенжайы: Сүлейманов көшесі «Жастар» аллеясы, Тараз қ. ПБ №15 УПП әкімшілік аумағы;
6) №2 модульдік посты, мекенжайы: Қазыбек би көшесі «Қ.Рысқұлбеков» атындағы саябақ, Тараз қ. ПБ 1-ПБ №17 УПП әкімшілік аумағы;
7) №3модульдік посты, мекенжайы: «Аса» мөлтек ауданы №24 үй;
9) Тараз қ. ПБ 2-ПБ №21 УПП, мекенжайы: Д.Бедный көшесі №92 үй;
10) Тараз қ. ПБ №12 УПП, мекенжайы: «Астана» мөлтек ауданы №12 үй;
11) Тараз қ. ПБ 2-ПБ №25 УПП, мекенжайы: Байзақ батыр көшесі №236 үй.




Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий