» » Жол картасының негізгі тармақтары түсіндірілді

Жол картасының негізгі тармақтары түсіндірілді

Жамбыл облысының Полиция департаментінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауымен 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасының негізгі тармақтарын түсіндіруге арналған жедел кеңес өтті. Аталған кеңеске «Қазақстан ішкі істер органдары мен ұлттық гвардия ардагерлерінің ұйымы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы отставкадағы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Бейсеев, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахытжан Ералин қатысты.

Бірінші болып полиция полковнигі Бақытжан Бейсеев сөз  алды. Негізгі баяндамашы атап өткендей, жол картасымен 54 іс-шарадан тұратын тоғыз бағытты жүзеге асыру қарастырылған, олардың 39-ын ағымдағы жылы іске асыру жоспарланып отыр. Реформаның басты  мәселесі  полицияның қоғаммен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін өзгерту, сервистік үлгіге көшу болып табылады. 

Бақытжан Бейсеев жол картасының әрбір бағыты туралы қысқаша баяндады. Мәселен, полиция саны 11%-ға және қылмыстық-атқару жүйесі 10% - ға қысқарған.

Сондай-ақ, штаттарды оңтайландыру қызметкерлердің жалақысын арттыруға бағытталған 16 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Полицейлердің тұрғын үй  мәселесін шешу, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ІІО қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ қылмыскерлерді ұстау кезінде жарақат алған және мертіккен қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері пысықталуда.

Реформа аясында ІІМ-нің 12 оқу орнының бесеуі қалады. Полицияға жұмысқа  тұруға үміткерлер үш және алты айлық қайта даярлау курстарынан өтетін болады.

1 шілдеден бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына олардың функцияларын бере отырып, объектілерді қорғау жөніндегі қызметтерді бәсекелестік ортаға беруге қатысты жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің Халықпен жұмыс істеу стандарттары мен алгоритмдері қайта қаралып, бағалаудың жаңа критерийлері енгізілуде.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы сөйлеген сөздерін басшылыққа ала отырып, Бақытжан Бейсеев тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселесіне ерекше назар аударды. Қоластындағы қызметкердің теріс қылықтары үшін басшының жауапкершілігі туралы Президенттің талабы осы мәселелерді шешуге оң ықпал етуі тиіс.

Өз сөзінде ҚР ІІМ министрінің кеңесшісі отставкадағы милиция генерал-майоры, "Қазақстан Ішкі істер органдары мен ұлттық гвардия ардагерлерінің ұйымы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков ардагерлер ұйымдарының қызметі туралы айтып, облыстық Полиция департаментінің жеке құрамына әрдайым қылмысқа қарсы күресте  алдыңғы шепте болуға және офицердің абыройын  асқақтатуға  тілектестігін  білдірді.

Кездесуді қорытындылай келе, ПД бастығының орынбасары Бахытжан Ералин штаттардың қысқаруына байланысты қызметкерлерге жүктеме артқанын, бұрынғысынша учаскелік полиция инспекторларының, тергеушілердің жетіспейтінін атап өтті. Алайда, белгілі бір қиындықтарға қарамастан, Бахытжан Ерболатұлы Жамбыл полицейлері алдағы аттестаттау кезінде жақсы нәтиже көрсетіп,  абырой-беделіне нұқсан келтірмейтініне  сенім білдірді.

Жамбыл облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі


Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий