» » Түркістан облысы полицейлері 83 миллионның алаяқтығын ашты

Түркістан облысы полицейлері 83 миллионның алаяқтығын ашты

Мақтарал АПБ аудандық полиция бөлімінің тергеушілерінің өндірісінде оның кәсіпкерлігіне қаржы құямын деген 83 миллион теңгеге жәбірленушіге алаяқтық жасаған 32 жасар ер адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бар. 

            2018 жылы Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындарынан полиция бөліміне шағым түсті. Онда әлде бір танысы оның сеніміне кіріп көлемді ақшасын алып кеткендігі туралы айтылған.  Мысалы жәбір көрушінің біреуі Шымкент қаласының тұрғыны 2019 жылдың басында алаяқтық жолмен есекмияның тамырын сатып оның кәсібіне жақсы табыс кіргіземін деген сылтаумен 30 миллион теңгесін алаяқтық жолмен алдап алғ,андығы туралы шағым еді. Ал Мақтарал ауданының басқа бір жәбір көруші тұрғынынан осындай ұсыныспен арам ойлы 16,5 миллион теңгесін жымқырып уәдесін орындамай кеткен. Аталған жайт Мақтарал аудандық полициясының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген, яғни Қ. Р.Қ.К. 190 «алаяқтық» бабы бойынша  тіркелген. 

            Мақтарал аудандық полицейлері жедел іздестіру шараларының барысында жұмыссыз жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстаған. Тергеп-тексеру барысында қолға түскен күдіктінің алаяқтық 5 жәйтке қатыстылығы және жәбірленушіге 83 миллион теңге көлемінде шығын келтіргендігі айқындалды. Оқиға былай болған  жәбірленушіге есекмия тамырын сатып жақсы табыс келтіремін деп алаяқ алдау жолымен көлемді ақшаны иеленіп сонан соң оны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.           

            Алаяқтық жәйті бойынша жасалған айыптау актсін сотқа дейінгі тергеу материалдарын полицейлер сотқа жолдады. Қазіргі таңда соттың шешімі бойынша 32 жасар азамат 6 жыл бостандығынан айырылу жазасына кесілді. 

            Өз кезегінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары абай болуға алаяқтың әр түрлі құрығына түсіп қалмауға шақырады. Жақсы таныс емес адамдарға сенуге мүлде болмайды, олар әр түрлі қызмет ұсынып жұмысқа орналастыруға көмек беремін немесе кредит алуға уәде беріп күдікті кәсіптен жоғары табыс алып беремін деген сияқты алдаусырату мен құрыққа түсіреді. 

            Егер сіз алаяқтықтың куәсі болсаңыз немесе оның құрбаны болсаңыз кешіктірмей 102 телефоны бойынша полицияның көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі


Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий