» » Жамбыл облысының Меркі және Жуалы аудандарында полицияның фронт-кеңселері ашылды

Жамбыл облысының Меркі және Жуалы аудандарында полицияның фронт-кеңселері ашылды

Меркі және Жуалы ауданының полиция бөлімдерінде фронт-кеңселер ашылды,  бұл полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі бойынша кезекті қадам болып отыр.

Меркідегі «Азаматтарды қабылдау бөлмесі» фронт-кеңсесі  4 маусымда  жергілікті полиция бөлімі ғимаратында ашылды. Келушілерді қабылдауға арналған кең залда күту креслолары және екі үстел бар, онда адамдарды ЕТБ мемлекеттік автоинспекторы Жандос Қалысбаев пен АПБ көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Әнуар Мамытбеков қабылдайды. Өтініш берушіге барлық қажетті қағаздарды ресімдейтін кеңсенің терезесі бар.


Салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығы Арман Оразалиев атап өткендей, бұл облыстың аудандарында ашылған алғашқы фронт-кеңсе. Ал, Тараз қаласында өткен жылдың соңында ашылған кеңсе өзінің тиімділігін дәлелдеді, мұнда 1,3 мыңнан астам адам өтініштерімен келді. Алдағы айларда осындай фронт-офистер әрбір ауданның полиция бөлімінде жұмыс істейді.

  Іс-шараның құрметті қонағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Тюлебаев болды, ол өз сөзінде мұндай кеңселер ішкі істер органдарының халықпен өзара іс-қимылының жаңа, ашық нысаны болып табылатынын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейін төмендетуге қызмет ететінін атап өтті.  Өз кезегінде жергілікті тұрғындар атынан сөз алған ақсақал Қамбарбек Иманалиев мұндай реформалар азаматтардың құқықтық тәртіп сақшыларына деген сенімін арттыратынын атап өтті.

Фронт-кеңсеге бірінші келушілерді Арман Оразалиев пен Равиль Төлебаев жеке қабылдады, қойылған сұрақтар бойынша  жан-жақты ақпарат берілді.


Келесі күні Жуалы ауданында осындай фронт-кеңсе ашылды, оған Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығы Арман Оразалиев пен Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков қатысты, сондай-ақ, ардагерлер, жұртшылық және аудан тұрғындары өз сұрақтарымен келді. 

Салтанатты ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін қонақтар келушілерге арналған залды аралап, полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысты.



Жаңа фронт-кеңседе азаматтар үшін қабылдау бөлмесінің қызметкерлері өтініш берушілермен тікелей жұмыс істейтін болады, бұл өтініштерді қарау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және мәселелерді шешуде қол жетімділікті, ашықтық пен жеделдікті  қамтамасыз етеді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі


Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий