» » Шымкент қаласында полиция қызметкерлерімен «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Шымкент қаласында полиция қызметкерлерімен «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

 Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 2019 жылғы 14 маусым күні сағат 12-00-ге дейінгі уақытта «Жолда қабылдау» акциясы барысында 455 адам келіп, өз сұрақтарына қажетті жауаптарын алды.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен екі күн бойы, яғни 2019 жылғы 14-15 маусым күндері сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін уақыт аралығында республика көлемінде «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді. Акцияда «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері қатысуда.

 Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту. Азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

 Акция Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі бойында орналасқан Диагностикалық орталығының алдында және Шымкент қаласы 11 мөлтек ауданы «Мечта» сауда үйінің алдында өтуде. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Асар мөлтек ауданындағы №2, 4, 6, 8, 10, 12 үйлердің ауласы мен Шымкент қаласы Б. Момышұлы көшесі бойынша орналасқан №8, 8А, 8Б үйлердің ауласында болып жатыр.

 Қабылдауда Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика, Көші-қон қызметі, Жол-техникалық инспекциясы, Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау және Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қатысып, жүргізушілер мен жолаушылардың сауалдары мен өтініштеріне кәсіби жауаптар берілуде. Сонымен қатар, 8-72-52-30-10-30 телефоны бойынша «колл-центр» жұмыс жасауда.
  

Опубликовано Шымкент Қаласының Полиция Департаменті Четверг, 13 июня 2019 г.

Опубликовано Шымкент Қаласының Полиция Департаменті Четверг, 13 июня 2019 г.




Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий