» » «Ерлан Тұрғымбаев отставкіге кетсін!»: белгілі заңгер енді полицейлердің «бандиттігін» бетке басты

«Ерлан Тұрғымбаев отставкіге кетсін!»: белгілі заңгер енді полицейлердің «бандиттігін» бетке басты

Осылайша нағыз ұрылар көшеде тайраңдап жүріп, жап-жас жігіттер бірнеше қылмысты мойындарына алып кетіп жатыр.

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер Айгүл Орынбек енді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап етіп отыр. Себебі, оның қоластындағы ұрдажық шенділер жазықсыз адамдарға жасамаған қылмысын «мойындату» үшін қоқан-лоққы көрсетеді екен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жүйені өзгерте алмайсыз ба, Ерлан мырза!? Отставкіге кетіңіз! Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында болған оқиға – мал ұрлығын ұрып мойындату! Адамды бүйрегінен айырып, қолдан мүгедек жасау! Бұл тек бір облыста болып жатқан дүние емес!

Түркістан облысы, Түркістан қаласында осыдан үш күн бұрын шырылдап бір ана звондады! Баламды ұйықтап жатқан жерінен алып кетті деп. Баласына полиция қызметкерлері қалпақ әкеліп бер деген екен! Баласына кірсе, басы жарылған, басқа да мал ұрлығы бойынша қылмыстық істерді мойныңа ал деген! Баласы алмаймын деген соң, басын жарып, ұрған көрінеді!

Дәл осындай оқиға Созақта болған. «Мал ұрлығын мойныңа ал» деп ұрған-соққан, ақыр аяғында 1 500 000 беріп құтылған! Бәріне айғағым бар, көмек сұрап жазған аналардың хаты бар! Кентау қаласында мал ұрлаған ұрыны ұстап апарып бергенде, полиция қызметкерлері босатып жіберген!» - дейді Айгүл Орынбек.

Оның айтуынша, осылайша нағыз ұрылар көшеде тайраңдап жүріп, жап-жас жігіттер бірнеше қылмысты мойындарына алып кетіп жатыр. Сондықтан да ол полицияда реформа болып, халықтың құқығы сақталып, қауіпсіздігіміз күшейді дегенге сенбейді.
 



Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий

  1. Нұрым
    Кеткені дұрыс!