» » Алматыда еркін қозғалу үшін қандай құжаттар керек?

Алматыда еркін қозғалу үшін қандай құжаттар керек?

Оңтүстік астанада көліктер жаппай тоқтатылып жатыр. Тәртіп сақшылары не талап етеді?

Қала аумағында күшейтілген карантин режимі енгізілді. Бұл шара адамдардың ғана емес, көліктің де қозғалысын барынша шектейді.

Сенбіден бастап үйден жұмысқа дейін және жұмыстан кері қайту үшін арнайы анықтама немесе қызметтік куәлік талап етіледі. Осы орайда құжаттың сіз қызмет ететін ұйым жұмыс істеуіне билік рұқсат берген компаниялар тізімінде болса ғана жарайтынын айта кеткен жөн. Ал олардың саны аса көп емес!

Маңызды: Егер сіз қызмет ететін компания аталған тізімге кіретін болса, анықтамада ұйымның атауы, БСН, қызмет түрі, ұйым басшысының не кадр бөлімі қызметкерінің аты-жөні мен байланыс нөмірлері, сонымен қатар қызметкердің аты-жөні және мекен-жайы көрсетілуі тиіс.

Демалыс күндері қалада емін-еркін жүйткіп жүрген көліктердің қарасы көп болды, алайда 30 наурыздан бастап жолдарға 26 бекет қойылып, полицейлер жұртты жаппай тексере бастады. Жүргін бөлікті әдейі тарылтқандықтан, кептеліс пайда болды. Полиция берген ақпарат бойынша, жүргізушілерді қадағалау үшін «Сергек» камералары қолданылмақ.

Жүргізушіде қандай құжатттар болуы керек? 


ҚР ЖҚЕ-нің 2.1-тармағына сәйкес, әр жүргізушінің қолында болуы тиіс құжаттар:
  • жүргізуші куәлігі не оның орнына берілген уақытша куәлік пен жеке куәлік;
  • көлік құралын тіркеу туралы куәлік (КҚТК) не көлік құралына меншік құқығын растайтын кұжат;
  • жол парағы, жеткізілетін жүктің құжаты (тауарлық-көліктік жөнелтпе құжат) мен Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген басқа да құжаттар.

Оған қоса, ендігәрі жұмыс істеуіне рұқсат берілген компанияда қызмет ететін жүргізушілерден бекітілген үлгідегі анықтама не қызметтік куәлік талап етіледі. БАҚ қызметкерлерінде басылымның бас редакторының қолы қойылған редакциялық тапсырма болуы тиіс.
Жуық арада анықтаманың бар екендігі туралы ақпарат «Сергек» кешендерінің репертуарына енгізілетінін айта кеткен жөн. Бұл көлік пен оны тізгіндейтін қызметкерлерге айыппұл салынбас үшін жасалады.

Анықтамасы жоқтарға не болады?


Тәртіп сақшылары алғаш ереже бұзғандарға тек ескерту жасалатынын айтады, ал қайта қолға түссе, жазаға тартылады.
Карантин режимін бұзғандарды әкімшілік жауапқа тарту (ҚР ӘҚБК-нің 476-бабына сай, 10 АЕК көлемінде айыппұл салу не 15 тәулікке дейін қамауға алу) қарастырылған.

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағандар қылмыстық жауапкершілікке (ҚР ҚК-нің 379-бабына сай, 2 мың АЕК айыппұл салу не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру) тартылады.

Санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына әкеп соқса, кінәлі деп танылған азамат ҚР ҚК-нің 304-бабына сай 2 мың АЕК көлемінде айыппұл арқалайды не екі жылға дейін түрмеге қамалады.

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қ. Таймерденовтің айтуынша, карантин режимін бұзған жүргізушілердің көлігі ҚР ӘҚБК-нің 785-бабына сәйкес айып тұрағына жіберіледі.



Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий