» » Сайрамдық полицейлер бір тәулікте 230-дан аса әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Сайрамдық полицейлер бір тәулікте 230-дан аса әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

 Жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты Сайрам ауданы аумағында қыркүйек айынан бастап көшелер мен жолдарда жол қозғалысы ережесін сақтау және жол-көлік оқиғасының алдын алуға бағытталған іс-шаралар қарқынды жүргізілді, деп хабарлайды ИНФОРМПОРТАЛ ДК ТО ПД-нің баспасөз қызметі сілтеме жасап. 

 Профилактикалық–рейдтік іс-шара барысында жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілердің мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылды. Күшейтілген тәртіпте қызмет атқарған патрульдік полиция тобының қызметкерлері аудан тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіздік белдігін қолданбау, мас халде көлік құралын басқару, ұялы телефон пайдалану, құжатсыз көлік құралын басқару, қарсы бағытқа шығу, маневр ережелерін бұзу жайттарына көп көңіл бөлінді. 

 Сайрам ауданының тәртіп сақшылары күндіз-түні рейдтік іс-шаралар өткізудің нәтижесінде алғашқы күні тәулігіне 230-дан аса әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады. Үздіксіз жүргізілген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде аудан орталығы мен жолдардағы жол қозғалысы айтарлықтай реттелді.

 Ал Сайрам ауданында жыл басынан бері мас халде көлік құралын басқарудың  32 жайты тіркелген, оның ішінде екінші рет мас халде көлік басқарған 1 тұлға сот үкімімен бас бостандығынан айырылды.

 Ішкі істер органдарының халықпен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ аудан аумағында жол қозғалысы тәртібін сақтау және жол апатының алдын алу жұмыстары жалғасуда.

 Өз кезегінде аудан полицейлері ескертеді. Қоғамдық тәртіпті сақтап, заңға бағыныңыздар. Қандай да бір құқық бұзушылық іс-әрекетке куә болсаңыз, тез арада 102 телефонына хабарласыңыздар.



Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий