» » Түркістан облысында полицейлер Ресейден әкелінген көліктерге жалған техникалық байқаудан өтті деген құжат берген 2 күдіктінің ісін әшкереледі

Түркістан облысында полицейлер Ресейден әкелінген көліктерге жалған техникалық байқаудан өтті деген құжат берген 2 күдіктінің ісін әшкереледі

Түркістан облысында полицейлер Ресейден әкелінген көліктерге жалған техникалық байқаудан өтті деген құжат берген 2 күдіктінің ісін әшкереледі. Олар Түркістан қаласының жергілікті тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды ИНФОРМПОРТАЛ ДК 
ТО ДП-ның баспасөз қызметі сілтеме жасап. 


Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов атап өткендей:

"Түркістан қаласының жергілікті басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, екі азаматтың Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерді жалған техникалық байқаудан өткізіп, құжаттандырып отырғаны туралы көрсетеді.

 Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 385-бабы 2 бөлігімен «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» тіркеуге алып, іс қозғайды. Қылмыстық іс бойынша, полицейлер тексеру жүргізіп жатқан кезде, 2-ші бір жергілікті тұрғын келіп арызданады. Ол да екі азаматтың жалған құжат бергендігін жеткізеді.

 Полиция қызметкерлері жалған құжатпен айналысқан белгісіз тұлғаларды ұстауға қатысты барлық жедел шараларды атқарады. Нәтижесінде Түркістан қаласындағы дүңгіршектердің бірінде Ресейден әкелінген көліктерге жалған құжат беріп отырған екі күдікті тұлға құрықталады. Ұсталған екі ер азамат Түркістан қаласының жергілікті тұрғындары болып шықты. Сондай-ақ олардың заңсыз жұмыс орны саналған дүңгіршегінен айғақты зат ретінде заңсыз құжаттар алынды.

 Қазіргі таңда олардың қылмыстарының құрбаны қанша екендігі мен басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жалғасуда. Ал күдіктілер қолхатта.»


 Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және түрлі алаяқтарға сенім білдірмеуге кеңес береді. Егерде сіз осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз. 




Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий