«Жолдағы қабылдау» акциясы

2019 жылғы 14- 15 маусымда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейінгі аралықта  Жамбыл облысының аумағында баннерлері бар арнайы жабдықталған автобустарда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтеді.

Акция барысында әкімшілік полиция қызметкерлері өзекті сұрақтарға жауап береді, айыппұлдарды төлеу, көлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол белгілерін орнату, учаскелік полиция инспекторлары, жол-патрульдік қызмет, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар қызметі, көші-қон қызметі және т.б. мәселелер бойынша түсініктемелер береді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің «қауырт желі» 8(7262) 997294 телефоны «Жолдағы қабылдау» акциясы аяқталғаннан кейін де жұмыс жасайтын болады.

«Жолдағы қабылдау» акциясын өткізу орны мен уақыты Тараз қаласында 2019 жылғы 14 - 15 маусымда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін

1. Тараз қ., "ТИГУ" университеті, Желтоқсан көшесі
2. Тараз қ., Автовокзал, Жамбыл даңғылы;
3. Тараз қаласы, "Нұралы" базары, Сәтпаев көшесі;
4. Тараз қ., Теміржол вокзалы ауданы, Байзақ батыр к-сі, 219
5. Тараз қ., "Small" сауда орталығы, "Жансая" шағын ауданы;
6. Тараз қ., "Жібек жолы" базары, Саңырақ батыр көшесі;
7. Тараз қ., "Ауыл береке" базары;
8. Тараз қ., "Автогид" автобөлшектер базары, Балуан Шолақ көшесі.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі


Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий