» » Армениялық көліктерге сары нөмір бастапқы тіркеу алымынсыз беріледі

Армениялық көліктерге сары нөмір бастапқы тіркеу алымынсыз беріледі

Үкімет армениялық көлік иелеріне жеңілдік жасау жөнінде шешімге келіп, уақытша тіркеу уақытын 1 шілдеге дейін ұзартты.

 Шенділер «Армения Республикасында тіркелген жеке­леген көлік құралдарын Қазақстанға әкелудің және Қазақстан азамат­тарының пайдалануының кейбір мәселелері туралы» құжат дайындады. Оған сәйкес, машинаны уақытша тіркеу мерзімі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Бұл ретте армениялық көлік иелері тек сомасы 0.25 АЕК, яғни 662.75 теңгені құрайтын тіркеу алымы мен техникалық төлқұжат (1.25 АЕК; 3313.75 теңге) пен нөмірлер (2.8 АЕК; 7 422.8 теңге) үшін талап етілетін мемлекеттік баж салығын төлеуге міндеттеледі. Бұрын автокөлік иелері үш «жастан» жоғары машиналар үшін сұралған 1.3 млн теңгенің тым жоғары екендігіне шағымданған болатын.

Қаулы жобасында уақытша тіркеудің мерзімі жазылмаған, шамасы ол 2021 жылдың наурызына дейін болса керек. Сондай-ақ, аталған құжатта армениялық көлік рөлінің сол жақта болуы, Еуро-4 стандартына сай болуы қажет пе, жоқ па, ол жағы да жазылмаған. Бірақ қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне уақытша тіркелген автокөлік иелерінің салықтарды төлеп, міндетті техникалық тексерістен өту мүмкіндігін қамтамасыз ету тапсырылды, яғни азаматтар салық төлеп, техникалық тексерістен өтуге міндетті.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі уақытша тіркелген автокөліктерді тұрақты есепке қойғанша оларды қолдануға не шетелге шығаруға қатысты шектеудің жоқтығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Қаржы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері ел азаматтарына уақытша тіркелген көліктің иесі оны тұрақты есепке қою жөнінде шешім қабылдағанша, баж салықтарын, бастапқы тіркеу алымдарын төлеуге міндеттелмейтінін, ал өндірушілер (импорттаушылар) кеңейтілген міндеттемелерге ие болмайтынын түсіндіруі тиіс. 

Ал қаржы, ішкі істер, сауда және интеграция министрліктері мен ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметіне заңнамамен бекітілген шараларды Қазақстан Республикасына Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін автокөлік әкелген ел азаматтарына қатысты қолдану тапсырылды.
    


Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий