Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Түркістан облысында полицейлер жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Информпортал ДК сайтқа сілтемемен Polisia.kz.

Сайрам аудандық ПБ-ның кезекші бөліміне аудандық трассалардың бірінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері белгісіз “BMW” автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Тойота автокөлігімен соқтығысқанын анықтады. Ал, кінәлі жүргізуші содан кейін өз көлігін тастап, жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен. Оқиға салдарынан Шымкент қаласының тұрғыны Тойота жүргізушісі мен “BMW” көлігінің жолаушысы яғни Сайрам ауданының тұрғыны жарақат алып, олар орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.

Аталған жайт Сайрам аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы “Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы” және 347-бабы “Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу” бойынша тіркелді. Жол-көлік оқиғасына қатысы бар жасырынған жүргізушіні ұстау мақсатында Сайрам аудандық полиция басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілді. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді, ол Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.

Жол-көлік оқиғасы жайлы алдын ала мәліметтер бойынша жүргізуші ҚР Жол қауіпсіздігі ережесінің 10.1 тармағын бұзуынан орын алған деп болжам жасалуда. Бұл ережеге сәйкес ол көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен жүргізуі тиіс, бұл ретте қозғалыс қарқындылығын, көлік құралдарының ерекшеліктері мен жай-күйін, атап айтқанда қозғалыс бағытында ескеруі қажет еді. Мұндай апатқа қатысы бар жүргізуші көлік құралын тез арада тоқтатуға, авариялық сигнал беруді қосуға және авариялық тоқтау белгісін қоюға міндетті. Егер апат салдарынан зардап шеккендер болса, жол қозғалысы ережелері міндеттейді: жүргізушіні зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін шаралар қабылдауға, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем мен полицияны шақыру қажет.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Тәртіп сақшылары болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды.

Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуға және Жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға, ал жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға орнынан кетпеуге кеңес береді. Егер сіз жол-көлік оқиғасына қатысушы немесе куәгер болсаңыз, шұғыл “102” телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.


Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий