» » Түркістан облысы полицейлері көлік жүргізушілерін алдаған алаяқты ұстады

Түркістан облысы полицейлері көлік жүргізушілерін алдаған алаяқты ұстады

Жетісай АПБ-не бірнеше жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер арызданып келеді, деп хабарлайды ИНФОРМПОРТАЛ ДК ТО ПД-нің баспасөз қызметі сілтеме жасап. 

Олардың айтуынша қаңтар айында белгісіз тұлға «базар алдынан такси жүргізушілеріне арналған автотұрақ ашып беремін» деп сендіреді. Сол жерден әрқайсыңа арнайы орын беремін әбден сеніміне кіріп, әрбір такси жүргізушісінен 25-50 мың теңге көлемінде ақша алады. Айлар өтіп, уәде етілген автотұрақ ашылмай не берген ақшалары қайтпағаннан кейін жүргізушілер алаяқтың құрбаны болғандарын түсінеді. Содан бірден полицейлерге шағымданып, көмек берулерін сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді.

 Орын алған алаяқтық қылмысын ашу мақсатында жедел-тергеу тобы шұғыл әрекет етті. Жәбірленушілерден, куәгерлерден жауап алып, күдікті азаматтың жеке-басын анықтады. Нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтап ұстады. Оны АПБ-не жеткізді. 

 Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Полицейлер күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде. Тергеу барысында тәртіп сақшылары жәбірленушілер санының артуы мүмкін екенін айтады. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». 

 Түркістан облысының полицейлері азаматтарға түрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуды ұсынады.

Таныс емес адамдарға ақша бермеңіз. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.



Мы в соцсетях и мессенджерах:
★ Группа Вконтакте: ► https://vk.com/oo_dk
★ Группа в Facebook: ► https://www.facebook.com/groups/oo.dk.kz/
★ Группа в Одноклассниках: ► https://ok.ru/oo.dkorg
★ Группа в Instagram: ► @road_control_kz
★ Группа в Telegram: ► https://t.me/oo_dk
★ Группа в WhatsApp:► https://chat.whatsapp.com/Dncl4R5suJbAIEZA1bIE5n

Мы в Yotube:
★ Информпортал "Дорожный Контроль": ► http://www.youtube.com/c/ИнформпорталДорожныйКонтроль
★ Канал партнера Дорожного Контроля :► http://www.youtube.com/c/ROADCONTROLVIDEONEWS

Сотрудничество и размещения рекламы на наших ресурсах:
★ электронная почта: ► adv@oo-dk.org
★ WhatsApp: ► 8-777-154-37-77 ► 8-778-639-00-01


Добавить комментарий